Created: 11 Қыркүйек 2019
1552

Байқау кеңесінің құрамы

"Облыстық ересектерге арналған туберкулезге

қарсы санаториясы"  ШЖҚ КМК

Байқау кеңесінің құрамы

 

1. Әбләзім Әбдіғабит Әбләзімұлы - Қызылорда облыстық туберкулезге  қарсы  диспансерінің бас дәрігері, байқау кеңесінің төрағасы;

 

   

 Әбләзім Әбдіғабит Әбләзімұлы, Байқау кеңесінің төрағасы,                                

1964 жылы  қазан айының 24  жұлдызында, Қызылорда облысы,  Жанақорған ауданында  дүниеге келген.

1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын  бітіріп, еңбек жолын

1988 жылы  Жанақорған аудандық ауруханасында балалар хирургі қызметінен  бастады.

1988 -1991 жыл Төменарық ауылдық ауруханада балалар дәрігері, 1991-1997 жылы Шиелі аудандық ауруханасында хирург, емхананың бас дәрігерінің орынбасары, 

1997-1997 жылы Қызылорда темір жол ауруханасында  бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 1997-1999 жылы Қызылорда Облыстық денсаулық сақтау

басқармасының орынбасары, 1999-2000 жылы  Қызылорда қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 2000 - 2004 жылы  Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы  күрес диспансер бас дәрігері  қызметін аткарды.

2004 жылдың мамырынан облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансер   бас дәрігерінің   қызметін  аткаруда.

Осы уақыт аралығында   облыс бойынша  туберкулезге  қарсы күрес  мекемелері  дәрігерлерінің  білімін жетілдірумен қатар өз білімін де арттырып отырды.

2005 жылы Ресей медициналық ғылыми академиясында «Фтизиатрия  мен фтизиопедиатрияны сертификаттау  циклы»,  Алматы қаласында   «Орта  Азия  мемлекеттерінде   туберкулезге қарсы  бағдарламаның  менеджменті» туралы аймақтық тренингі;

2006  жылы «Фтизиатрия  және пульмонология саласының өзекті  мәселелері», Алматы жоғарғы  қоғамдық денсаулық  мектебінде «Аурулардың алдын алу  және денсаулықты нығайтудың  өзекті  сұрактары»;

2007 жылы Алматы  жоғары қоғамдық денсаулық сақтау  мектебінде «Актуальные вопросы  управления и экономики здравоохранения  при реформировании  системы»;

2009 жылы М.Оспанов  атындағы  БҚММА ҚМ  жанындағы  «Пульмонология  және фтизиатрияның өзекті мәселелері»,  Алматы қаласында  «Қазақстан Республикасында  туберкулездің  мультирезистенті түріне  қарсы   күресті ұйымдастыру» семинарына  қатысты.

2011 жылы «Медициналық қызмет сапасын тәуелсіз сараптау мен аккредитация жүргізу сұрақтары» цикылы, 2012 жылы  қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Денсаулықты күшейту технологиялары», 2013 жылы «Ересектер мен балалардың көп дәрігер төзімді туберкулезінің менеджменті», 2014 жылы «Фтизиатрияның өзекті сұрақтары», «Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жоспарлау, басқару және бюджеттеу (қауіптерді басқару жүйесі, бірлесіп басқару  CQL-PDCA, бизнес жоспар және т.б)» циклдары бойынша  білімін жетілдірді.

2014 жылы  Рига қаласында (Латвия) «Клинический менеджмент лекарственно-устойчивого туберкулеза для стран Европейского региона ВОЗ» тақырыбында Халықаралық курска қатысты.

2015 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысы  туберкулезге қарсы қызметтің 90 жылдығына арналған «Замануи  фтизиатрияның  өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми  тәжірбиелік конференцияға қатысты. 2015 жылы  Алматы қаласында өткен «Инновационные технологии диагностики и лечения туберкулеза» тақырыбындағы Халықаралық конференцияға қатысты.

2017 жылы Республикалық медициналық университетінде  «Медициналық ұйымдарындағы  сапаны  көтерудің үздіксіз жүйесі» циклы бойынша   білімін жетілдірді.     

Қызылорда Қорқыт-Ата атындағы университетінің экономика факультетін сырттай   окып,  2006 жылы  экономист бакалавр   мамандығын    косымша  игерді.

 «Арал  өңірінің  апат аймағындағы ауыл  тұрғындары денсаулығының медициналық-ұйымдастыру аспектілері» такырыбына       ғылыми еңбек  жазып, корғап  медицина  ғылымдарының  кандидаты   дәрежесін иемденді. Отбасылы, жұбайы, 4 баласы бар.

28 ғылыми   жұмыстары мен   1 авторефераты   баспасөз беттерінде  жарияланды.

Қазақстан  Республикасы халқының  денсулығын  сақтау   ісіне сіңірген  айрықша  еңбегі үшін «Казақстан Республикасы  денсаулық сақтау  ісінің  үздігі»  белгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы  Ауғаныстан  және  жергілікті  соғыс арлагерлер одағының  шешімімен «Жергілікті әскери баскару  органдарына 90   жыл» мерекелік медалімен  марапатталды.

2016 жылы  «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2017 жылы  «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.

        


 

2.Тогизбаев Асылбек Токмурзаевич - "Республикалық медициналық палата" қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының директоры, Байқау кеңесінің  мүшесі;

 

 

Тогизбаев  Асылбек ТокмурзаевичБайқау кеңесінің мүшесі

1949 жылы 7 шілдеде Қызылорда облысы қазіргі Сырдария ауданының  орталығы Тереңөзек қыстағында дүниеге келген.

1967 жылы Қызылорда қаласындағы №10 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебін үздік бітіріп,сол жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының "Емдеу ісі" факультетіне түсіп, 1973 жылы бітіріп шықты.

2006 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық  академиялық университетінің заң факультетін  бітіріп, заңгер бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесін алып шықты.

1973 жылдан бастап еңбек жолын Қызылорда облыстық ауруханасының анестезиология-реаниматология бөлімінде дәрігер болып бастап, қан құю бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды.

1982-1990 жылдары облыстық аурухана бас дәрігерінің ұйымдастыру әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.

1990-1994 жылдар аралығында Жаңақорған ауданы ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалған еді.

1994-1997 жылдары облыстық аурухананың бас дәрігерінің кеңес беру  диагностикалық орталығы жөніндегі орынбасары қызметінде жұмыс жасап келді.

1998-2008 жылдары облыстық ЖҚТБ-ың алдын алу және оған қарсы күресу орталығының  бас дәрігері қызметіне тағайындалған.

2008 жылдың 14 шілдесінен бастап шаруашылық жүргізі құқығындағы коммуналдық мемлекттік кәсіпорны "Қызылорда қалалық ауруханасы" бас дәрігері қызметіне тағайындалып, зейнет жасына жетуіне байланысты  2016 жылдан бастап 2019 жылдың тамызына дейін аурухананың бас дәрігерінің орыбасары қызметін атқарып келді.

     2008 жылдан бастап "Денсаулық саласын  ұйымдастыру және әлеуметтік гигиенасы" бойынша жоғары санатты дәрігер. Алматы Астана қалаларында, шетелдерінде білімін жетілдірген.

Отбасылы,  4 бала және 14 немере тәрбиелеуде.

 

  Марапаттау мен наградалар туралы мәліметтер:

 

  1. «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі (1988 жыл),
  2. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001 жыл),
  3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі (2003 жыл),
  4. «Құрмет» ордені (2005 жыл)
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2005-2007 жылдар),
  6. Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаты (2007 жыл),
  7. «Қызылорда қаласына 70 жыл» – медалі (2008 жыл),
  8. Қызылорда қаласы әкімінің алғыс хаты (2009 жыл),
  9. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, (2011 жыл)
  10. «Слава Казахстана» ордені (2013ж.)
  11. Ұлттық бизнес рейтингтер одағының «Қазақстан Көшбасшысы-2013» марапаты.
  12. «Звезда славы. Экономика Казахстана» ордені (2014ж.)
  13. «Қазақстан Республикасының Конституциясына-20 жыл» медалі (2015ж.)

     14.Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Құрмет грамотасы -2016 жыл

  1. «Қазақстан Республикасының мәслихатының 20 жылдығы» медалі (2015ж.)

     16."Қызылорда қаласына -200 жыл" медалі -2018 жыл

 


 

3.Достанова Мейрамкул Көзденбайқызы - Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімінің басшысы, Байқау кеңесінің  мүшесі;

Достанова Мейрамкул Көзденбайқызы, Байқау кеңесінің мүшесі

 1968 жылдың 3 мамырында Қызылорда облысының Жалағаш ауданы Еңбек ауылында  дүниеге келген.1985 жылы  арнаулы мектепті бітірген. 1988-1992 жылдары  Қызылорда қаласы "Горкоопторг" облыстық  тұтынушылар одағында,сатушы. 2004-2005 жылдары Жалағаш аудандық салық комитетінің ұйымдастыру-заң бөлімінде маман. 2005-2010 жылдары Қызылорда облыстық  денсаулық сақтау департаментінің  бухгалтерлік есеп бөлімінің  жетекші маманы   2010-2012 жылдары Қызылорда облыстық  денсаулық сақтау басқармасының "Бюджеттік бағдарламалардың орындалуын мониторингілеу" бөлімінің  бас маманы 2012 жылдан бастап  Қызылорда облыстық  денсаулық сақтау басқармасының Бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімінің басшысы.

 


4. Балқожаев Мажит Байқожаұлы- "Нұр Отан" партиясы  Жаңақорған  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Байқау кеңесінің  мүшесі;

 

 

Балқожаев Мажит Байқожаұлы  Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында  1959 жылдың 16қазанында дүниеге келген. 

1981-1986 жылдары Жамбыл гидромелиоративті құрылыс  институтының филиалына инженер -механик мамандығы бойынша оқуға түсіп,бітіріп шықты. 

 

Жұмыс өтілі:

11.1976-08.1981 жж

Жанақорқан ауданы, "Талап" ауылы  №3, №2 ферма жұмысшысы

09.1986-03.1992 жж  Жанакорған ауданы,"Талап" ауылы, экспедитор

03.1992-01.1997 жж Жанакорған ауданы,"Талап" ауылы №3 бригаданың бригадирі

01.1997-02.2005 жж  Жеке кәсіпкер

02.2005-08.2013 жж Жанакорған ауданы, Манап ауылдық округі, ауыл әкімі

с 01.08.2013 жылдан бері "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы  төрағасының  бірінші орынбасары

Жұмыс барысында облыстық,аудандық марапаттарға ие болды.


 

5.Амалбеков Жасулан Бекенович - Жаңақорған аудандық  мәслихатының депутаты, Байқау кеңесінің  мүшесі;

Амалбеков Жасулан Бекенович, Байқау кеңесінің мүшесі,

Қызылорда облысында 1973 жылдың 1-ші қыркүйегінде дүниеге келген. 1990-1993 жылдары Қызылорда политехникумында "Ауыл шаруашылығын электрлендіру мен автоматтандыру" мамандығы бойынша оқып,білім алған. 2003-2006 жылдары Қазақстан инженерлік-экономикалық университетінің "Кәсіпорындағы экономика мен басқару" мамандығы бойынша оқуын тәмәмдады. 2010-2012 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің "Электр энергетикасы" , бакалавры атағына ие болып білім алды.

Жұмыс өтілі:

21.09.1993-1997жылдары Жанакорган аудандық электр тараптары, бақылаушы

1998-2000жылдары ЖШС " Жаңакорған Жарығы ",есепші кассир

2000-2006 жылдары ЖШС " Жаңакорған Жарығы ", бас инженер

2006-2008 жылдары ЖШС " Жаңакорған Жарығы ", директор орынбасары

2008 жылдан бері ЖШС " Шиелі Жарығы " Жаңақорған филиалы, бас директор

 


6.Ашимов Жасулан Абдигаппарович - Жаңақорған ауданаралық ауруханасының заңгері, Байқау кеңесінің  мүшесі;

 

 

Ашимов Жасулан Абдигаппарович, Байқау кеңесінің мүшесі,

1989 жылдың 20 қаңтарында Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,Жаңақорған кентінде дүниеге келген. 2006 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ -Түрік университетіне "Заң" факультетіне түсіп, 2010 жылы аяқтап шықты. 2010-2011 жылдары әскерде қызмет етті. 2011-2012 жылдары Жаңаарық әкімгершілігінде заңгер қызметін атқарды. 2014 жылдан бастап Жаңақорған аудандық ауруханасында заңгер қызметін атқарып келді. 2019 жылдың қаңтар айынан қазіргі таңға дейін Жаңақорған аудандық ауруханасының "Құқық және мемлекеттік сатып алу бөлімінің" басшысы қызметін атқарып келеді


 

7.Ильясов Ерғабит Орманұлы - Облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы санаториясының бас дәрігері, Байқау кеңесінің  мүшесі.

 

 

Ильясов Ерғабит ОрманұлыБайқау кеңесінің мүшесі

1960 жылы 9 наурызда  Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылында  дүниеге келді. 1976 жылы орта мектепті бітіріп Түркістан медициналық колледжін тәмәмдап, 1980 жылы Жаңақорған аудандық аурухана жанындағы  жедел жәрдем бөлімінде «Фельдшер», одан кейін  Талап ауылында фельдшер-акушерлік

пунктінде  ФАП меңгерушісі болып  қызмет жасады. 

1983 жылы  аудандық атқару комитетінің жолдамасымен Ақтөбе мемлекеттік  медицина  институтына түсіп,  1989 жылы емдеу ісі жөніндегі дәрігер квалификациясы бойынша бітіріп шықты.

Институт қабырғасында институттың комсомол комитетінің  мүшесі және студенттік құрылыс  отрядының  командирі болды.

1989-1990 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасының хирургия  бөлімінде интернатурада білімін, тәжірибесін жетілдірді.

1990 жылы  СОКП-ң 23 съезі атындағы совхозда ауылдың ауруханасына дәрігер-хирург қызметін, кейін 1990-1995 жылдары  меңгеруші қызметін атқарды.1995-1996 жылдары Шалқия ауылдық ауруханасына бас дәрігер,1996-2002 жылдар аралығында аудандық емханада меңгеруші, бас дәрігер қызметін атқарды.

2002-2010 жылдар аралығында аудандық тубдиспансер мекемесіне басшылық жасады,2010 жылдың тамыз айынан бастап “Шалқия” облыстық ересектерге  арналған  туберкулезге  қарсы санаториясының  бас дәрігері қызметін атқарып келеді.Осы қызмет еткен жылдары республикалық білім орталықтарында білімін жетілдірді,жоғары санаттағы дәрігер-ұйымдастырушы деген сертификатымен бірге дәрігер-фтизиатр мамандығын алған.

2009 жылы РМҚК Алматы  мемлекеттік  дәрігерлер білімін жетілдіру институтында “Фтизиатрия ” мамандығы бойынша; 2012 жылы “Денсаулық сақтау менеджменті” мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.

2013 жылы ҚР ДСМ  РМҚК “Туберкулез проблемалары Ұлттық орталығының” мамандарымен жүзеге  асырылған “Ересектер мен балалардың көп дәріге төзімді туберкулезінің менеджменті” курсы; 2014 жылы РМҚК Алматы  мемлекеттік  дәрігерлер білімін жетілдіру институтында “Денсаулық сақтау менеджменті”; 2016 жылы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру унисерситетінде “Туберкулездің дифференциалды диагностикасы” циклы бойынша білімімді жетілдірді.

Медицина саласындағы еңбектерін ескеріп бірнеше рет аудан әкімі, облыс әкімі және «Нұр Отан» ХДП атынан марапаттарға ие болды.

1.«Қазақстан Республикасының Егемендігіне 10 жыл» мерекелік медалімен,

2.«Медицина саласының үздігі» және «Қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен марапатталған.


Алимбаева Гаухар Амантаевна - Облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы санаториясының кадр жөніндегі маманы, Байқау кеңесінің  хатшысы.

 

 

Алимбаева   Гаухар Амантаевна, Байқау кеңесінің хатшысы

1987 жылдың 18 мамырында Батыс Қазақстан облысы,Сырым ауданы,Жымпиты  ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандығаш

қаласының №1 орта мектебін бітіріп, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің  Байқоңыров атындағы факультетіне "Тау-кен инженері"

мамандығына түсіп, 2008 жылы "Маркшейдер" мамандығын алып шықты. 

2008 -2009 жылдары Алматы қаласы, "Kinopark" кинотеатрлар желісінде кассир қызметін атқарды.

2011-2012  жылдары  "№2 Алматы мемлекеттік педагогикалық колледжінде" хатшы   қызметін, кейін 2013 жылдан мемлекеттік сатып алу маманы қызметіне ауыстырылды.

  Отбасылық жағдайларына байланысты 2015 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия ауылына көшіп, маусым айынан  ШЖҚ КМК "Облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы санаториясы" мекемесіне хатшы болып қызмет атқарып,2016 жылдың қазан айынан кадр жөніндегі маман қызметін атқарып келеді.

2019 жылдың сәуір айынан бастап ШЖҚ КМК "Облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы санаториясының " Байқау кеңесі хатшысы қызметіне тағайындалды.

Отбасылы,екі баланың анасы.