
Алимбаева Гаухар Амантаевна, Байқау кеңесінің хатшысы
1987 жылдың 18 мамырында Батыс Қазақстан облысы,Сырым ауданы,Жымпиты ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандығаш
қаласының №1 орта мектебін бітіріп, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің Байқоңыров атындағы факультетіне "Тау-кен инженері"
мамандығына түсіп, 2008 жылы "Маркшейдер" мамандығын алып шықты.
2008 -2009 жылдары Алматы қаласы, "Kinopark" кинотеатрлар желісінде кассир қызметін атқарды.
2011-2012 жылдары "№2 Алматы мемлекеттік педагогикалық колледжінде" хатшы қызметін, кейін 2013 жылдан мемлекеттік сатып алу маманы қызметіне ауыстырылды.
Отбасылық жағдайларына байланысты 2015 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия ауылына көшіп, маусым айынан ШЖҚ КМК "Облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы санаториясы" мекемесіне хатшы болып қызмет атқарып,2016 жылдың қазан айынан кадр жөніндегі маман қызметін атқарып келеді.
2019 жылдың сәуір айынан бастап ШЖҚ КМК "Облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы санаториясының " Байқау кеңесі хатшысы қызметіне тағайындалды.
Отбасылы,екі баланың анасы.



