Created: 09 Қыркүйек 2019
1228

Әбләзім Әбдіғабит Әбләзімұлы

   

 Әбләзім Әбдіғабит Әбләзімұлы, Байқау кеңесінің төрағасы,                                

1964 жылы  қазан айының 24  жұлдызында, Қызылорда облысы,  Жанақорған ауданында  дүниеге келген.

1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын  бітіріп, еңбек жолын

1988 жылы  Жанақорған аудандық ауруханасында балалар хирургі қызметінен  бастады.

1988 -1991 жыл Төменарық ауылдық ауруханада балалар дәрігері, 1991-1997 жылы Шиелі аудандық ауруханасында хирург, емхананың бас дәрігерінің орынбасары, 

1997-1997 жылы Қызылорда темір жол ауруханасында  бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 1997-1999 жылы Қызылорда Облыстық денсаулық сақтау

басқармасының орынбасары, 1999-2000 жылы  Қызылорда қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 2000 - 2004 жылы  Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы  күрес диспансер бас дәрігері  қызметін аткарды.

2004 жылдың мамырынан облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансер   бас дәрігерінің   қызметін  аткаруда.

Осы уақыт аралығында   облыс бойынша  туберкулезге  қарсы күрес  мекемелері  дәрігерлерінің  білімін жетілдірумен қатар өз білімін де арттырып отырды.

2005 жылы Ресей медициналық ғылыми академиясында «Фтизиатрия  мен фтизиопедиатрияны сертификаттау  циклы»,  Алматы қаласында   «Орта  Азия  мемлекеттерінде   туберкулезге қарсы  бағдарламаның  менеджменті» туралы аймақтық тренингі;

2006  жылы «Фтизиатрия  және пульмонология саласының өзекті  мәселелері», Алматы жоғарғы  қоғамдық денсаулық  мектебінде «Аурулардың алдын алу  және денсаулықты нығайтудың  өзекті  сұрактары»;

2007 жылы Алматы  жоғары қоғамдық денсаулық сақтау  мектебінде «Актуальные вопросы  управления и экономики здравоохранения  при реформировании  системы»;

2009 жылы М.Оспанов  атындағы  БҚММА ҚМ  жанындағы  «Пульмонология  және фтизиатрияның өзекті мәселелері»,  Алматы қаласында  «Қазақстан Республикасында  туберкулездің  мультирезистенті түріне  қарсы   күресті ұйымдастыру» семинарына  қатысты.

2011 жылы «Медициналық қызмет сапасын тәуелсіз сараптау мен аккредитация жүргізу сұрақтары» цикылы, 2012 жылы  қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Денсаулықты күшейту технологиялары», 2013 жылы «Ересектер мен балалардың көп дәрігер төзімді туберкулезінің менеджменті», 2014 жылы «Фтизиатрияның өзекті сұрақтары», «Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жоспарлау, басқару және бюджеттеу (қауіптерді басқару жүйесі, бірлесіп басқару  CQL-PDCA, бизнес жоспар және т.б)» циклдары бойынша  білімін жетілдірді.

2014 жылы  Рига қаласында (Латвия) «Клинический менеджмент лекарственно-устойчивого туберкулеза для стран Европейского региона ВОЗ» тақырыбында Халықаралық курска қатысты.

2015 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысы  туберкулезге қарсы қызметтің 90 жылдығына арналған «Замануи  фтизиатрияның  өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми  тәжірбиелік конференцияға қатысты. 2015 жылы  Алматы қаласында өткен «Инновационные технологии диагностики и лечения туберкулеза» тақырыбындағы Халықаралық конференцияға қатысты.

2017 жылы Республикалық медициналық университетінде  «Медициналық ұйымдарындағы  сапаны  көтерудің үздіксіз жүйесі» циклы бойынша   білімін жетілдірді.     

Қызылорда Қорқыт-Ата атындағы университетінің экономика факультетін сырттай   окып,  2006 жылы  экономист бакалавр   мамандығын    косымша  игерді.

 «Арал  өңірінің  апат аймағындағы ауыл  тұрғындары денсаулығының медициналық-ұйымдастыру аспектілері» такырыбына       ғылыми еңбек  жазып, корғап  медицина  ғылымдарының  кандидаты   дәрежесін иемденді. Отбасылы, жұбайы, 4 баласы бар.

28 ғылыми   жұмыстары мен   1 авторефераты   баспасөз беттерінде  жарияланды.

Қазақстан  Республикасы халқының  денсулығын  сақтау   ісіне сіңірген  айрықша  еңбегі үшін «Казақстан Республикасы  денсаулық сақтау  ісінің  үздігі»  белгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы  Ауғаныстан  және  жергілікті  соғыс арлагерлер одағының  шешімімен «Жергілікті әскери баскару  органдарына 90   жыл» мерекелік медалімен  марапатталды.

2016 жылы  «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2017 жылы  «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.