
Тогизбаев Асылбек Токмурзаевич, Байқау кеңесінің мүшесі
1949 жылы 7 шілдеде Қызылорда облысы қазіргі Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек қыстағында дүниеге келген.
1967 жылы Қызылорда қаласындағы №10 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебін үздік бітіріп,сол жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының "Емдеу ісі" факультетіне түсіп, 1973 жылы бітіріп шықты.
2006 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетінің заң факультетін бітіріп, заңгер бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесін алып шықты.
1973 жылдан бастап еңбек жолын Қызылорда облыстық ауруханасының анестезиология-реаниматология бөлімінде дәрігер болып бастап, қан құю бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды.
1982-1990 жылдары облыстық аурухана бас дәрігерінің ұйымдастыру әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
1990-1994 жылдар аралығында Жаңақорған ауданы ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалған еді.
1994-1997 жылдары облыстық аурухананың бас дәрігерінің кеңес беру диагностикалық орталығы жөніндегі орынбасары қызметінде жұмыс жасап келді.
1998-2008 жылдары облыстық ЖҚТБ-ың алдын алу және оған қарсы күресу орталығының бас дәрігері қызметіне тағайындалған.
2008 жылдың 14 шілдесінен бастап шаруашылық жүргізі құқығындағы коммуналдық мемлекттік кәсіпорны "Қызылорда қалалық ауруханасы" бас дәрігері қызметіне тағайындалып, зейнет жасына жетуіне байланысты 2016 жылдан бастап 2019 жылдың тамызына дейін аурухананың бас дәрігерінің орыбасары қызметін атқарып келді.
2008 жылдан бастап "Денсаулық саласын ұйымдастыру және әлеуметтік гигиенасы" бойынша жоғары санатты дәрігер. Алматы Астана қалаларында, шетелдерінде білімін жетілдірген.
Отбасылы, 4 бала және 14 немере тәрбиелеуде.
Марапаттау мен наградалар туралы мәліметтер:
- «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі (1988 жыл),
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001 жыл),
- «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі (2003 жыл),
- «Құрмет» ордені (2005 жыл)
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2005-2007 жылдар),
- Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаты (2007 жыл),
- «Қызылорда қаласына 70 жыл» – медалі (2008 жыл),
- Қызылорда қаласы әкімінің алғыс хаты (2009 жыл),
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, (2011 жыл)
- «Слава Казахстана» ордені (2013ж.)
- Ұлттық бизнес рейтингтер одағының «Қазақстан Көшбасшысы-2013» марапаты.
- «Звезда славы. Экономика Казахстана» ордені (2014ж.)
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына-20 жыл» медалі (2015ж.)
14.Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Құрмет грамотасы -2016 жыл
- «Қазақстан Республикасының мәслихатының 20 жылдығы» медалі (2015ж.)
16."Қызылорда қаласына -200 жыл" медалі -2018 жыл



