Created: 09 Қыркүйек 2019
591

Ильясов Ерғабит Орманұлы

 

Ильясов Ерғабит Орманұлы, Байқау кеңесінің мүшесі

1960 жылы 9 наурызда  Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылында  дүниеге келді. 1976 жылы орта мектепті бітіріп Түркістан медициналық колледжін тәмәмдап, 1980 жылы Жаңақорған аудандық аурухана жанындағы  жедел жәрдем бөлімінде «Фельдшер», одан кейін  Талап ауылында фельдшер-акушерлік

пунктінде  ФАП меңгерушісі болып  қызмет жасады. 

1983 жылы  аудандық атқару комитетінің жолдамасымен Ақтөбе мемлекеттік  медицина  институтына түсіп,  1989 жылы емдеу ісі жөніндегі дәрігер квалификациясы бойынша бітіріп шықты.

Институт қабырғасында институттың комсомол комитетінің  мүшесі және студенттік құрылыс  отрядының  командирі болды.

1989-1990 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасының хирургия  бөлімінде интернатурада білімін, тәжірибесін жетілдірді.

1990 жылы  СОКП-ң 23 съезі атындағы совхозда ауылдың ауруханасына дәрігер-хирург қызметін, кейін 1990-1995 жылдары  меңгеруші қызметін атқарды.1995-1996 жылдары Шалқия ауылдық ауруханасына бас дәрігер,1996-2002 жылдар аралығында аудандық емханада меңгеруші, бас дәрігер қызметін атқарды.

2002-2010 жылдар аралығында аудандық тубдиспансер мекемесіне басшылық жасады,2010 жылдың тамыз айынан бастап “Шалқия” облыстық ересектерге  арналған  туберкулезге  қарсы санаториясының  бас дәрігері қызметін атқарып келеді.Осы қызмет еткен жылдары республикалық білім орталықтарында білімін жетілдірді,жоғары санаттағы дәрігер-ұйымдастырушы деген сертификатымен бірге дәрігер-фтизиатр мамандығын алған.

2009 жылы РМҚК Алматы  мемлекеттік  дәрігерлер білімін жетілдіру институтында “Фтизиатрия ” мамандығы бойынша; 2012 жылы “Денсаулық сақтау менеджменті” мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.

2013 жылы ҚР ДСМ  РМҚК “Туберкулез проблемалары Ұлттық орталығының” мамандарымен жүзеге  асырылған “Ересектер мен балалардың көп дәріге төзімді туберкулезінің менеджменті” курсы; 2014 жылы РМҚК Алматы  мемлекеттік  дәрігерлер білімін жетілдіру институтында “Денсаулық сақтау менеджменті”; 2016 жылы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру унисерситетінде “Туберкулездің дифференциалды диагностикасы” циклы бойынша білімімді жетілдірді.

Медицина саласындағы еңбектерін ескеріп бірнеше рет аудан әкімі, облыс әкімі және «Нұр Отан» ХДП атынан марапаттарға ие болды.

1.«Қазақстан Республикасының Егемендігіне 10 жыл» мерекелік медалімен,

2.«Медицина саласының үздігі» және «Қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен марапатталған.