Created: 03 Қазан 2018
650

Тарихы

Облыс әкімінің 1999 жылғы 18 қаңтардағы №875 шешімімен Шалқия қонысында 80 орындық Облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы шипажайы болып ашылды.Шипажай туберкулезбен ауыратын науқастардың сүйемелдеу сатысында ем жүргізу үшін және бұрын туберкулезбен ауырған науқастарды сауықтыру үшін ашылған болатын.

1999-2009 жылдар аралығында шипажайда 11000 адам емделіп денсаулығын нығайтып шықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2009 жылғы 6 қарашадағы №1147 бұйрығымен санатория 5 қабатты бейімделген ғимаратқа көшіріліп, төсек саны 200-ге кеңейтілді, оның 60 төсегі туберкулездің Мульти тұрақты түрін емдеуге арналған.

«Шалқия» шипажайы облыстың маңызы бар климаттық емдеу орнына жатады, бейімделген 5 қабатты ғимаратқа орналасқан. Ішкі су және канализация жолдары жұмыс істейді, жылу дизель отынымен жағылатын шағын буқазандығы арқылы беріледі.Шипажай ауласы қоршалып, 3 га жерге мәуелі, саялы, декоративті ағаштар мен гүлдер, газондар егілген.

Шипажайда науқастардың тиісті емделуіне және демалуына барлық мүмкіндік жасалған. Жатын бөлмелер 2-3 адамдық. Үгу, ингаляция, егу , физиотерапия,емдік физкультура,тренажор болмелері, клиника-биохимиялық лабораториясы бар. Сонымен қатар науқастар бос уақытын тиімді өткізу үшін шахмат, дойбы, нарды, бильярд, теннис столдары және жасанды көгалмен көмкерілген шағын футбол алаңы,денешынықтыру алаңдары жұмыс жасайды.Күнделікті басылымдар уақтылы жазылып алынады,шағын кітапхана жұмыс істейді.

Науқастар бір мезгілде 80 адам тамақ ішетін асхана қызмет корсетеді, мультирезистенті бөлімдегі науқастарға тамақ апарып беріледі.Шипажайда 5 мезгіл тамақ беріледі,жыл көлемінде қымыз,шұбат берілуде.

Ғимараттың науқастар жататын әр қабаты түрлі түсті теледидар, тоңазытқыш, кір жуғыш машиналармен қамтамасыз етілген.

Шипажайдағы орындар Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 2011жылғы11ақпандағы №91бұйрығымен қалалық, аудандық тубдиспансерлерге халық санына байланысты бөлініп берілген. Диспансерлер жолдамамен жыл бойы үзбей қамтамасыз етіледі.Шалқия шипажайы Жаңақорған ауданының орталығының шығыс жағында 17 шақырым жерде орналасқан.Жақын жерден Самара-Шымкент автотрассасы өтеді,Жаңақорған теміржол стансиясы шипажайға 19 шақырым жерде орналасқан.Шипажайға дейін Шалқия-Жаңақорған маршруты және жеке таксилер қатынайды.(жол ақысы 250 теңге)

Шипажайда 8 жоғары білімді дәрігер,32 орта буынды медицина қызметкерлері, 80 түрлі техникалық қызметкерлер,барлығы 132 адам жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта немесе 2010 жылдан бері шипажайды жоғарғы санатты дәрігер ұйымдастырушысы,«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздігі» Ильясов Ерғабит Орманұлы басқарып келеді.