Шипажайда көрсетілетін емдердің түрлері:
Туберкулез ауруына қарсы арнайы дәрілермен, сонымен қатар симптоматикалық ем, дезинтоксикалық ем, антибактериалды ем, витаминотерапия, физиотерапия, шипажайда зертхана, емдік денешынықтыру бөлмесі, үгу (массаж) бөлмелеріде жұмыс жасайды. Бұл бөлімшелерден басқа науқастардың, демалушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін жасанды көгалмен көмкерілген спорт алаңы, бильярд, теннис стөлдері, субұрқақтар және бүгінгі күннің талабына сай монша т.б. қызметтер емделушілерге қызмет жасайды. Және де бұл демалыс орнында демалушылардың бос уақыттарын пайдалы-тиімді пайдалану үшін Қарт-Қаратау бөктеріне, екінші мекке аталатын Түркістан қаласындағы Қоджа-Ахмет Яссауии мавзолейіне саяхат жасау ұйымдастырылған.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап балшықпен емдеу, фитобочка, Алмаг аппаратымен емдеу,ерлер тампоны,"Серагем" массаждық төсегі, Мавит аппаратымен емдеу сияқты ем түрлері жүргізілуде. Алтын инемен емдеуде қарастырылуда.
Бес уақыт тамақ беріледі:
Таңертеңгілік ас 8.00-9.00
Қымыз 400 мл 10.00
Түскі ас 12.30
Жеңіл ас 16.00
Кешкі ас 19.30
Жеңіл ас 21.00 шұбат 200мл.



