Жаңақорған аймағының қыры мен сыр жері өзінің табиғи байлықтарымен, таңғаларлық қасиеттерімен танымал екенін айту артық емес.Соның бірі сыр бойындағы Теріскен көлінің қасиеті бар балшығын айтуға болады.Сол сияқты Қаратау бөктерінде орналасқан Шалқия кенінің тарихы өз алдына бір бөлек,осы Шалқия елді мекенінде 1999 жылы іргесі қаланған Шалқия санатория сауықтыру орталығы жергілікті халық емес,Қызылорда облысы бойынша қызмет етіп келеді.
Облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы шипажайы ОДСБ ұсынысы бойынша ДСМ № 510 бұйрығы негізінде облыс әкімінің 18.08.1999 жылғы № 53 а өкімі 80 төсектік болып ашылып, туберкулез ауруының DOTS бағдарламасы бойынша сүйемелдеу сатысы поддерживающая фаза кезеңіндегі науқастарды емдеумен, сауықтырумен айналысатын шипажайдағы 80 орын ОДСБ бұйрығымен аудандарға квота бойынша бөлініп тұрды,осы жылдары шипажайдың жоспардағы төсек-күн орындалу пайызы 145-150 көлемінде болды.
Шипажай 2009 жылдың қараша айынан бастап ОДСБ № 1147 бұйрығымен 200 төсекке ұлғайтылды,оны ұлғайту себептері туберкулездің сүйемелдеу сатысындағы (поддерживающая фаза) науқастарды толық қамту және туберкулездің көп дәріге тұрақты түрлері MDR көбейуіне байланысты болды.
2005-2010 жылдарға арналған денсаулық ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ОДСБ-ның 2009 жылдың 6 қарашасындағы № 1147 бұйрығымен санатория 200 төсекке кеңейтіліп, 5 қабатты ғимаратқа көшірілді.Осы мәселелерге байланысты ОДСБ № 1147 бұйрығы бойынша шипажай төсектері аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша бөлініп берілген.2010 жылдан бастап жоспарланған 200 төсек шипажай бойынша орындалу пайызы 86-90%- ға түсіп кетті.Шипажай төсегін тиімді пайдалану мақсатында және қалалық тубдиспансер MDR бөліміндегі жетіспей жатқан төсек-орынды шешу мақсатында 2013 жылдан бастап шипажайда ОДСБ 03.05.2013 ж № 420 бұйрығы бойынша құрылымдық өзгерістер (реструктуризация) болды.
Осы бұйрық бойынша шипажай төсегі төмендегіше бөлінді.
|
р/с |
Қызылорда |
Арал |
Қазалы |
Қармақшы |
Жалағаш |
Сырдария |
Шиелі |
Жаңақорған |
|
65 |
30 |
25 |
20 |
10 |
10 |
20 |
15 |
|
|
Оның ішінде МDR |
40 |
20 |
15 |
15 |
5 |
10 |
10 |
5 |
Біздің шипажай Жаңақорған ауданының орталығынан 18 км, Қызылорда қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан.Таяу жерден халықаралық Самара-Шымкент автотрассасы өтеді.Санатория теңіз деңгейінен 2700 метр биіктікте , қысы жұмсақ, қаңтар айында орта температура -10С, жазы ыстық, шілде айындағы температура +30-40 C,жауын, қар аз жауады.
Қазіргі таңда шипажай ҚРДСМ Туберкулезге қарсы санаторийларда санаториялық-курорттық емдеуді жетілдіру туралы № 510 бұйрығы, ҚРДСМ Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы 22.08.2014 жылғы № 19 бұйрығын негізге ала отырып жұмыс атқаруда.
Шипажайқазіргі таңда 4 бөлімшеден тұрады: олар І бөлімше туберкулездің І санаттағы науқастарына арналған, ІІ бөлім туберкулездің ІІ санаттағы науқастарға арналған, ІІІ бөлімше туберкулезден кейінгі қалдықты өзгерістермен және «0» топтағылар үшін және ІV бөлімше туберкулездің ІV санаттағы туберкулезге қарсы көп дәріге тұрақты мультирезистентті науқастарға арналған.
Туберкулездің сүйемелдеу сатысындағы поддерживающая фаза науқастарды толық қамту және туберкулездің көп дәріге тұрақты түрлерінің (MDR) көбейуіне байланысты болды.Шипажай науқастардың сүйемелдеу кезеңіндегі емі медицина қызметкерлерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі.Облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы санаториясында 9 дәрігер жұмыс істеуде.3 дәрігердің санаттық дәрежесі бар ол 38,0 % пайызды құрайды. 37 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.Оның 24-нің санаттық дәрежесі бар. Ол 68,0 % пайызды құрайды. 10-ы жоғары санатты, 3-уі 1-ші санатты,11-і екінші санатты. Дәрігерлер мен орта буынды қызметкерлер соңғы 5 жылда барлығы білімін жетілдірген.
Медицина қызметкерлері науқастармен тығыз қарым-қатынас жасап науқастармен туберкулез жайлы түрлі буклет, лекция оқып, сауалнама,түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.Шипажай дәрігерлері орта буын медицина қызметкерлеріне әр ай сайын семинар сабақтарын өткізіп отырады.Жергілікті елді мекендер Шалқия қонысы, Құттықожа ауылдарына барып мектеп,бала-бақша, өндіріс орындарына барып туберкулез жайлы, өндірістік кәсіптік шаң тозаңнан пайда болатын аурулар жайлы буклеттер, лекциялар оқылып отырады.Шипажайға науқастарды тарту және жарнамалау мақсатында аудандарға бекітілген кестеге сай дәрігерлер барлық аудандар мен Қызылорда қаласында тубдиспансерлерде іс-сапарда болып қайтты.
Шипажайда бакскопиялық, клиникалық және биохимиялық зертхана жұмыс жасайды.Шипажайға келген науқастардан қақырығы бакскопиялық тексеруден қақырық жағындысы алынып тексеруден өткізіліп тұрады және науқастың қақырық зерттеу (+ жағындысынан оң нәтиже байқалған жағдайда дер кезінде тұрғылықты мекен-жайына, диспансеріне хабар беріліп науқас шипажайдан қайтарылады.
Шипажайда ем алып жатқан туберкулездің қарқынды және сүйемелдеу сатысындағы науқастарды жергілікті тубдиспансерлерге және облыстық дәрігерлік бақылау комиссиясына емделу динамикасын тексерілуге 3 ай сайын жіберіліп отырады.Жатқан науқастардан қақырық себіндісін егуге сараптама алынып отырады.
Қазіргі таңда шипажайдың төсек орнының толық орындалмау себебі аудандарға бөлініп берген төсек орнын тиімді пайдаланбау нәтижесінде болып отыр.Біздегі статистикалық есептерге сүйенсек 2013 жылдан бері аудандық, қалалық тубдиспансерлер төсек орнын науқастармен қамтамасыз етуі төмендеген.
Қалалық, аудандық тубдиспансерлер санаттағы науқастан гөрі санатсыз топтағы науқастарды шипажайға жіберілуі көбейгендігі байқалып отыр.Осы жағдайда басты назарға алуларыңызды сұраймыз.
Санаторияда науқастардың дем алуына және емделуіне барлық мүмкіндік жасалған.Үгу, ингаляция, физиотерапия, емдік физкультура бөлмелері, еңбекке баулу бөлмелері, тіс дәрігері бөлмесі жұмыс жасайды.Сонымен қатар науқастар бос уақытын тиімді пайдалану үшін ойнайтын шахмат, дойбы, нарды, бильярд, теннис столдары бар.
Шағын кітапханамыз бар, үстіміздегі жылы кітапхана қазақ жазушыларының, ақындарының, шетел классиктері әдебиеттерінің 100-ге жуық данасымен толықтырылды.Күнделікті БАҚ өнімдері жазылып алынады.80 науқас бір мезгілде тамақ ішетін асхана қызмет көрсетеді.Күнделікті науқастарға 400 мл қымыз, кешкі жатар орынға 200 гр-нан шұбат, айран және де жеміс-жидек, көкөніс өнімдері үзіліссіз беріледі.Науқастар көңіл көтеретін клуб және аулада орналасқан шағын жасанды көгалмен көмкерілген спорт алаңы орналасқан би алаңы бар.
Бірнеше түрлі музыкалық аспаптар бар.Түрлі-түсті теледидарлар мен видеомагнитофонмен қамтамасыз етілген.Науқастардың ұзақ мерзімде жатып, жеке бас тазалығын сақтау мақсатында монша және ғимараттың әр қабатында душтар орналастырылған.Әр қабатқа кір жуу машиналары қойылған.
Алдағы уақытта шипажайда емделіп жатқан науқастардың қосымша дертін анықтау үшін УЗИ, ЭКГ аппараттарымен қамтамасыз етуді мақсат етіп, ОДСБ ұсыныс беріліп қойылған.



